• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2015

Ақтөбе тәртіп сақшылары арасында шаңғыдан жарыс өтті

293 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 9 ақпан. Ақтөбеде ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында шаңғыдан жарыс өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілщісі хабарлады. Қала маңындағы «Кірпішті» кентіндегі шаңғы базасында «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамның 90 жылдығына арналған ішкі істер органы қызметкерлері арасында  шаңғыдан жарыс өткізілді. Жарысты облыстық ішкі істер департаменті ұйымдастырды. Спорттық іс-шараның басты мақсаты - ішкі істер органында дене шынықтыру, спорт жұмыстарын жетілдіру, денсаулықты күшейту, ағзаны шынықтыру, шыдамдылыққа, жылдамдыққа, батылдыққа, табандылыққа тәрбилеу үшін қысқы спорт түрлерін насихаттау, сондай-ақ Қазақстан полициясының имиджін көтеру болып табылады. Бұл жарысқа тек аттестатталған полиция қызметкерлері қатысты. Додаға барлығы 80 адам қатысты, олар 25 командаға бөлініп, әр командада екі ер адам, бір әйел адам болды. Сонымен қатар, айта кету керек жарысқа бірінші рет қылмыстық атқару жүйесі департаменті, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Ақтөбе заң институтының қызметкерлері де қатысты. Сондай-ақ ішкі істер органының ардагерлері мен зейнеткерлері де жарыс жолына шықты. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар, спорттық костюмдер, спорттық формалар, сөмкелер, сондай-ақ кубок, медальдар мен грамоталар табысталды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: egemen.kz.