АСТАНА. 9 ақпан. Жамбыл облысының аумағында ірі жол-көлік оқиғасы орын алды. Астанадан Шымкентке бара жатқан жолаушылар автобусы трасса бойынан тайғанап кетіп, жолдың жиегіне соққан. Алдын ала мәлімет бойынша, 10 адам қаза тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Қолдағы бар мәліметтер бойынша, автобустың апат ұшырау оқиғасы Алматы – Екатеринбург трассасының 395-шақырымында, Жамбыл облысындағы Приозер елді мекеніне жақын жерде болған. Нәтижесінде, «Приозер қалалық орталық ауруханасы» коммуналдық кәсіпорнының хабарлауынша, 10 адам жантәсілім еткен.
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 4 зардап шегушіні Приозер қалалық ауруханасына жеткізді. Олардың 3-і ер кісі болса, 1-і әйел. Ер кісілердің біреуі Қырғызстан азаматы болса, әйел екіқабат екен. Қазір бір еркек пен әйел Балқаштағы аурухана жіберілді. Тағы бір зардап шегуші Алматыға жөнелтілді. Дәрігердің айтуларынша, екіқабат әйелдің іштегі баласын сақтап қалудың орайы келген.
Құрыш Нұрымбет.
Дерек, фото: Tengrinews.kz.