• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2015

Солтүстік Қазақстанда 21 адам қар құсауынан құтқарылды

239 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 9 ақпан. Түнгі сағат 3-тер шамасында Ақжар аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне телефон соққан жолаушылар Омбы-Көкшетау бағытындағы халықаралық автобустың сынып, қар құрсауында қалғанын жеткізген. Бұл туралы egemen.kz. тілшісі хабарлады. Дереу оқиға болған жерге жедел топ аттанған. «Омбы-Көкшетау» тасжолының 181-шақырымында   Hager маркалы автобусының сынып тұрғанын байқаған. Сөйтсе, жанармай насосы істен шыққан екен. Төтенше жағдай қызметкерлері 19 жүргінші мен 2 жүргізушіні қар құрсауынан алып шығып, жылы жерге орналастырған. Ыстық тамақпен қамтамасыз еткен. Одан әрі сапарлаған адамдар Көкшетауға дейін аман-есен жеткізіліп, автобус жөнделгеннен кейін Омбы бағытына атанып кеткен. Өмір Есқали. Дерек:egemen.kz. Сурет: ktk.kz.