• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2015

Ахметжан Есімов Алматы қаласы әкімінің қызметіне ұсынылды

369 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 мамыр. Бүгін Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясы өтті. Күн тәртібінде қала әкімін тағайындау мәселесі қаралды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Сессияға қалалық мәслихаттың 30 депутаты қатысты. Ал 5 адам белгілі себептермен қатыса алмады. Депутаттар қала әкімінің лауазымына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Ахметжан Есімовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Алматы қалалық мәслихаты V шақырылымының хатшысы Қалдыбай Қазанбаев Мемлекет басшысының ұсынысын оқып өтті. «Құрметті депуттар! Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабынын 4-тармағына сәйкес Алматы қаласы әкімі лауазымына тағайындауға келісу үшін Ахметжан Есімовтің кандидатурасын ұсынып отырмын. Ахметжан Есімов 1950 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, мемлекеттік басқару органдарында, дипломатия саласындағы басшы лауазымында мол жұмыс тәжірибесі бар. Премьер-Министрдің орынбасары, Президент Аппаратының басшысы, Ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі өкілетті елшісі қызметін атқарған. 2008 жылдың сәуір айынан Алматы қаласы әкімі қызметіне тағайындалған. Қолдауларыңызды сұраймын», – делінген Мемлекет басшысының ұсынысында. Өз кезегінде депутаттар қаланың көркейіп, дамуында, экономикалық тұрғыдан нығаюына Ахметжан Есімовтің қосқан үлесі ұшан-теңіз екендігін атап өтті. «Өткенде ғана 2014 жылғы даму көрсеткіштерімен таныстық. Алматы қаласының жалпы республикалық ЖАӨ көрсеткішіндегі үлесі 20,7 пайызды құрады. Бұл көп нәрседен хабар береді. Қала тұрғындарының депозиттегі қаржысының сомасы 2 трлн. теңгеге жетті. Бұдан қала халқының табысы артып келе жатқандығын көреміз. Маған көрсеткен сенімдеріңізге рахмет. Бұл – тек менің ғана еңбегім емес, бір команданың біріге атқарған жұмысының нәтижесі», – деді Ахметжан Есімов. Еламан Қоңыр. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: news.headline.kz.