• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2015

Көкшетауда жанармай құю бекетіне қарашылық шабуыл жасалды

232 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 мамыр. Көкшетау қаласындағы жанармай құю бекеттерінің біріне қарақшылар шабуыл жасады. Бетперде киген белгісіз екеу бекетке басып кіріп, кассадағы ақшаны алып кеткен. Алайда, көп кешікпей күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы newskaz.ru хабарлады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға 2 мамырда болған. Түнде қаладағы «Есіл» жанармай құю бекетіне екі ер адам баса-көктеп кіріп, операторды ұрып-соққан. Соңында кассадан ақша алып, кетіп қалған. Қылмыс болған жерге ішкі істер департаментінің жетекшілері мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, прокуратура және криминалдық полиция қызметкерлері арнайы барды. Тәртіп сақшыларының жедел іс-әрекеті нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Қазіргі таңда «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Еламан Қоңыр. Дерек: newskaz.ru. Сурет: gazeta.a42.ru.