• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2015

Атырауда дәнекерлеуші-шеберлерді оқытуға 36 мың еуро жұмсалды

268 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 9 ақпан. Атыраудағы техникалық және кәсіптік колледждердің 16 өндірістік оқу шеберін арнайы курста оқытуға 36 мың еуро жұмсалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Электрогаз дәнекерлеушісі» арнайы курсында швейцариялық маман Макс Герман Хойзер дәріс жүргізді. Аталған шетелдік маманның осы салада 50 жылдан астам тәжірибесі бар екен. Үш апталық оқу курсының соңында атыраулық тыңдаушылар емтихан тапсырып, соның нәтижесімен халықаралық сертификатқа ие болды. «Жергілікті оқытушылардың дайындық деңгейі әртүрлі. Мен оларға дәнекерлеу ісінің құпиясы мен әдістерін үйретуге тырыстым», дейді шетелдік маман Макс Герман Хойзер. «Қазіргі уақытта Атырау облысында «Қашаған» жобасының іске асырылуымен үлкен сұранысқа ие жұмысшы мамандығының бірі – дәнекерлеуші. Көптеген кәсіпорын жетекшілерінің мамандарды дайындау сапасына көңілі толмайды. Сол себептен, жұмысшылардың талабына орай техникалық колледждер мен кәсіптік оқытудың өндірістік шеберлерін арнайы курста оқытып, шеберлігін шыңдадық. Темірді әр үрлі бағытта пісіруге үйреттік. Олардың кәсібилігін көтеру арқылы алдағы уақытта жас мамандарды даярлау сапасына оң әсер етеріне сенеміз», деген пікірімен бөлісті Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржан Ғанимұрат. Өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби біліктілігін арттырған арнайы курсты облыстық білім басқармасымен бірлесе өткізілді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz.