Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кетті. Бұл туралы партияның ресми сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

«Ауыл» партиясының ресми сайтында партияның саяси кеңесі төралқасының соңғы отырысының қорытындысы бойынша екі құжат жарияланған. Бірінші қаралған мәселе – Ақтөбе өңірлік филиалының партия жарғысын өрескел бұзуы.
«Екінші мәселе - партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевты қызметінен босату. Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, төралқа мүшелері бұл шешімге бірауыздан дауыс берген», делінген хабарламада.