• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Ақпан, 2015

Атыраудағы жол апатында Украина азаматтары қайтыс болды

289 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 9 ақпан. Атырау облысында орын алған көлік апатынан Украинаның үш азаматы қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жол-көлік оқиғасы 7 ақпанда 15.30 сағатта Атырау-Құлсары-Бейнеу бағытындағы күре жолда орын алған. Алматы тұрғыны басқарған «Mercedes-Benz» ауыр жүк көлігі мен Toyota Previ шағын автобусының соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы болған жерде Украинаның үш азаматы, яғни, шағын автобустың рөлінде отырған 50 жасар ер адам, сонымен бірге, 33 жастағы әйел мен 14 жасар жасөспірім мерт болды. «Үшеуі де Луганска қаласының тұрғындары. Бұл азаматтар 7 ақпанда Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Құрманғазы» бақылау-өткізу бекеті арқылы ел аумағына өткен. Құжаттарына қарағанда олар Душанбе қаласына бағыт алған. Жолдың тайғақ болуы салдарынан шағын автобуыс қарсы бағытқа шығып кеткен», деді Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаменті. Сурет: azh.kz.