• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2015

Елбасы қабылдады

191 рет
көрсетілді

Елбасы Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевты және Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы, олардың жауынгерлік қабілетін арттыру, сондай-ақ заманауи әскери техникамен және қару-жарақпен қамтамасыз етілу мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті елдің қорғаныс өнеркәсібі кешенін және әскери-техникалық ықпалдастықты одан әрі дамыту, әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын ұдайы жетілдіру қажеттілігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.