АСТАНА. 4 мамыр. Астана және Алматы қалалары мен облыс әкімдері тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлық
Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Мыналар:
Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков – Астана қаласының әкімі;
Ахметжан Смағұлұлы Есімов – Алматы қаласының әкімі;
Сергей Витальевич Кулагин – Ақмола облысының әкімі;
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов – Ақтөбе облысының әкімі;
Амандық Ғаббасұлы Баталов – Алматы облысының әкімі;
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов – Атырау облысының әкімі;
Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Батыс Қазақстан облысының әкімі;
Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев – Жамбыл облысының әкімі;
Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков – Қарағанды облысының әкімі;
Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов – Қостанай облысының әкімі;
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі;
Алик Серікұлы Айдарбаев – Маңғыстау облысының әкімі;
Асқар Исабекұлы Мырзахметов – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Павлодар облысының әкімі;
Ерік Хамзаұлы Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;
Даниал Кенжетайұлы Ахметов – Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр
№ 8