Ақтөбе облысында 33 жолаушы отырған автобус жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға түнгі уақытта Ырғыз ауданы аттас кентінен 40 км қашықтықта Самара-Шымкент тас жолының жабық учаскесінде болған.
«Уфа – Самарқанд бағытында келе жатқан, 33 өзбекстандық жолаушы отырған автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. ТЖМ қызметкерлері жолаушыларды жолдың қауіпсіз ашық учаскесінде орналасқан басқа автобусқа дейін эвакуациялады», - делінген хабарламада.
ТЖМ ауа райы жағдайы жолдағы жағдайды едәуір қиындатуы мүмкін екенін еске салады.