Оқиға 03 Наурыз, 2025

Мереке қарсаңында қосымша әуе рейстері іске қосылады

73 рет
көрсетілді

16-30 наурыз аралығында қосымша 120 әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Air Astana» әуе компаниясы қосымша 55 рейс орындайды:

Астана – Алматы + 8 рейс; Атырау – Астана + 6 рейс; Атырау – Алматы + 3 рейс; Алматы – Шымкент +2 рейс; Алматы – Қызылорда + 2 рейс; Алматы – Ақтау + 1 рейс; Алматы – Ақтөбе + 1 рейс; Алматы – Өскемен + 1 рейс; Астана – Ақтөбе + 1 рейс; Астана – Орал + 1 рейс; Астана – Қостанай + 1 рейс;

Ал «FlyArystan» әуе компаниясы 33 рейсті іске қосады:

Астана – Алматы + 11 рейс; Астана – Орал +4 рейс; Алматы – Шымкент + 3 рейс; Алматы – Қарағанды +2 рейс; Алматы – Қызылорда +2 рейс; Астана – Шымкент +2 рейс; Астана – Түркістан +2 рейс; Алматы – Қостанай +1 рейс; Алматы – Семей + 1 рейс; Алматы – Павлодар +1 рейс; Алматы – Орал +1 рейс; Астана – Қызылорда +1 рейс; Астана – Ақтау +1 рейс; Астана – Өскемен +1 рейс;

«SCAT» әуе компаниясы 32 рейс қосады:

Астана – Алматы + 16 рейс; Астана – Шымкент + 8 рейс; Алматы – Шымкент + 8 рейс.

Айта кетейік, ішкі және халықаралық бағыттар бойынша билет құны өспейді, билет бағасы қалыпты деңгейде қалады.