• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Президент 03 Наурыз, 2025

Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға қол қойды

190 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау; археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу; тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу; қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау; археологиялық ескерткіштердің резерватын құру; мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру; қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу; тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту; мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу; туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.