Бұл атаулы күн 1986 жылғы қаңтардың 12-18-і аралығында өткен Халықаралық ПЕН-клубтың 48-ші конгресінің шешімімен атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы - ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets - ақындар, essayists - эссешілер, novelists - новеллашылар аббревиатурасы. Бұл қысқартылған сөз ағылшын тілінен аударғанда pen - қалам сөзімен сәйкес келеді.
Ұйым атауы ағылшындық жазушы Кэтрин Эми Доусон-Скоттқа тиесілі. ПЕН-клубтың алғашқы президенті - Джон Голсуорси. 1923 жылы Лондонда ПЕН-клубтың алғашқы халықаралық конгресі өтті. Сол уақытта ПЕН-орталық әлемнің 11 елінде бар болатын. Ал қазір дүниенің 130 елінде, соның ішінде Қазақстанда да бар.