Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Бөлім басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 1 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұланды ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі негізінде аудандық білім бөлімінің қызметіне талдау жүргізілген.
«2022-2024 жылдар бойы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде Бөлім техникалық ерекшелікте сатып алынатын тауардың жеке өнім берушіге тиесілігін айқындайтын тауар белгілерін, фирмалық атауларын, өндірушінің атауларын заңсыз көрсеткені анықталды. Атап айтқанда, күзет-өрт дабылы жүйелерінің жабдықтарын, кеңсе техникасын, сондай-ақ құрылыс материалдарын сатып алуға 11 шарт анықталды», делінген хаббарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, жоғарыда аталған заң бұзушылықтар бәсекелестікті едәуір тарылтады және әлеуетті өнім берушілердің ауқымын шектейді.