• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2015

Алматыға «сүйексіз» адам келеді

310 рет
көрсетілді

Гиннестің рекордтар кітабына енген дағыстандық «буынсыз» адам Мухтар Гусенгаджиев 21-22 ақпанда Алматыға келіп, семинар-тренинг өткізеді. Қазіргі таңда аталмыш шараны ұйымдастырушылар танымал азаматтың  сапарына орай дайындық жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, М.Гусенгад­жи­ев жаһандағы ең иілгіш адам ғана емес, сонымен бірге, эс­тра­да­лық, цирктік, спорттық фес­тивальдердің жеңімпазы және көптеген атақтардың иесі. Оның, әсіресе, пластика бойынша жаттықтырушы ретінде даңқы ғаламға жайылған. Ол Мадонна, Памела Андерсон, Деми Мур сынды белгілі адамдарға жеке сабақ берген.  Сондай-ақ, Мухтар «Цирк дю Солейдің» атақты әртісі ретінде де танымал. Тәкен БАЙЖОЛ.
Соңғы жаңалықтар