• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2015

Пошта бөлімшесі жаңғыртылды

401 рет
көрсетілді

Атырауда «Авангард-3» ша­ғын ауданындағы №9 пошта бөлім­шесінің аумағы екі есеге, халыққа қызмет көрсететін операторлар саны да үш есеге артып отыр. «Қазпошта» акционерлік қо­ғамы Атырау облыстық филиа­л­ының директоры Ержан Ома­ровтың айтуынша, мұнда або­ненттік жәшіктер де орнатылды. Оның жалға алу ақысы – 1 мың теңгеден 3 мың теңге аралығында белгіленіпті. Сонымен бірге, тәулік бойы жұмыс жасайтын «24/7» желісі де іске қосылды. Мұндағы тағы бір ерекшелік – электронды кезек әдісі қолданылады. Бөлімшедегі жұмыс тәртібі бейнекамера арқылы бақыланады. «Бүгінгі таңда Атырау облы­сын­да халыққа 98 бөлімше қызмет көрсетеді. Сонымен бірге, 6 жылжымалы бекетіміз бар. Бұл – брон­­далған көлік. Онда ноутбук, прин­тер, GSM-модем секілді осы заман­ғы технологиямен жұмыс жасау үшін дербес электрмен қамту жүйесі орнатылған. Қазір жылжымалы бекеттеріміз Құрманғазы, Иса­­тай, Махамбет, Индер және Қы­зыл­қоға аудандарының елді мекен­­дерінде қызмет көрсетіп келеді». Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы. Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.