• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2015

Финляндия резервтегі 900 мың адамды соғысқа дайындайды

199 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 мамыр. Финляндия қорғаныс министрлігі соғыс бола қалған жағдайда әскери резервті құрап алу мақсатында елдің 900 мың азаматына хат жолдады. Бұл туралы немістің Deutsche Welle газеті хабарлады. Newswee журналы сенбі, 2 мамыр күні хабарлағандай, қорғаныс министрлігінің жолдауында олардың әскери жанжал туа қалған жағдайда пайдаланатын резерв ретінде дайындалатыны айтылған. Осыған байланысты резервшілерден өздерінің қазіргі барлық жеке жағдайларын актуальды қалыпқа келтіру сұралған. Хельсинкидегі қорғаныс ведомствосы бұл сұраныстардың Ресей тарапынан болып қалуы ықтимал соғыс қаупіне байланысты жасалып жатқанын жоққа шығарып отыр. Newsweek мәлімдегендей, қорғаныс министрлігінің ресми өкілі аталмыш хаттың Финляндияның шекарасы аумағындағы қауіп-қатерге ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан. 2014 жылдың қазан айында финнің әскери-әуе күштері елдің әуе кеңістігіндегі тәртіптің Ресей әскери ұшақтары тарапынан жиі бұзылуына байланысты аспанға ұшып шығу жиілігін арттырған болатын. Бұдан басқа, 2015 жылдың сәуір айының соңында Финляндияның теңіздегі жағалауынан танылмаған су асты нысаны байқалып қалған болатын. Мұның сүңгуір қайық болуы әбден мүмкін екені де айтылуда. Қазіргі таңда бұл елде НАТО-ға өту-өтпеу мәселесі үлкен пікірталасқа айналып жатыр. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: Deutsche Welle.