• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2015

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

277 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 мамыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртай Әбіқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып қайта тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Нұртай Әбіқаев 1947 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында туған. Ресейдің Свердловск қаласындағы (қазіргі Екатеринбург) Уральск политехникалық институтын, Алматы Жоғары партия мектебін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Дипломатиялық рангі – төтенше және өкілетті елші. Әскери атағы – генерал-майор. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін 2010 жылдың 23 тамызынан бері атқарып келеді. Еламан Қоңыр. Дерек: akorda.kz. Сурет: knb.kz.