Заң 06 Наурыз, 2025

«Жетісу» футбол клубының бұрынғы директоры сотталды

47 рет
көрсетілді

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының»  экс-директоры К. Донсебаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.Залалдың толық өтелуіне және сотталушының ауыр сырқатының болуына байланысты Донсебаев 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды. Сонымен қатар, енді ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде өмір бойы қызмет атқара алмайды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі үкімнің заңды күшіне енгенін мәлімдеді.