Әлем 06 Наурыз, 2025

Әйел жаңа туған сәбиін 650 мың рубльге сатып жіберген

37 рет
көрсетілді

Дағыстанның Магарамкент ауылында 39 жастағы әйел жаңа туған қызын 650 мың рубльге сатуға келіскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйел №2 перзентхананың 46 жастағы акушеріне сәбиін сатпақ болған. Келісілген соманы акушердің жұмыссыз күйеуі жеткізген.

Бірнеше айдан кейін қылмыстық әрекет анықталып, нәрестенің анасы мен оның сыбайластары өз кінәсін мойындаған. 

Күдіктілер ұсталып, қазіргі таңда қамауға алынған. 

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша «Адам саудасы»бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап бойынша айыпталушылар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.