Әлем 07 Наурыз, 2025

Трамп ядролық қарудан бас тартуға шақырды

143 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп барлық мемлекетті ядролық қарудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл туралы Ақ үйдің Telegram-арнасындағы ресми аккаунтында жарияланды. 

«Егер барлығы өздерінің ядролық қаруынан бас тартса керемет болар еді. Мен Ресейде және бізде оның әлдеқайда көп екенін білемін. Қытайда да төрт-бес жылда дәл сондай деңгейге жетеді. Егер біз бәріміз ядролық қарудан бас тарта алсақ, керемет болар еді. Өйткені ядролық қарудың қуаты ақылға қонымсыз», деді Д. Трамп.

Соңғы жаңалықтар