• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2015

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды

548 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 мамыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен Амантай Күреңбеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып қайта тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Амантай Күреңбеков 1956 жылы 9 қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында туған. Ленин атындағы (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы) Қазақ политехникалық институтын және Минскідегі КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғарғы курсын тәмамдаған. «Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру негіздері» атты оқулықтың және «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қолданысындағы терминдер мен ұғымдардың орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» оқу-әдістемелік құралы авторлық ұжымының жетекшісі. Әскери атағы – генерал-майор. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы міндетін 2014 жылдың 3 шілдесінен бері атқарып келеді. Еламан Қоңыр. Дерек: akorda.kz. Сурет: sgork.gov.kz.