• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Мамыр, 2015

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басшысы тағайындалды

370 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 мамыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Пернешұлы Қожамжаров Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қ. Қожамжаров 1965 жылы 24 наурызда Тараз қаласында туған. 1987 жылы Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген. 2012-2013 жылдары Ақмола облысының әкімі қызметін атқарды. 2013 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. II дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері. Айдар Өрісбаев. Дерек: akorda.kz. Сурет: kazpravda.kz.
Соңғы жаңалықтар