АСТАНА. 4 мамыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметіне қайта тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
А. Бисембаев 1967 жылы 21 мамырда Көкшетау облысында туған. 1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Саясаттану ғылымының кандидаты.
«Құрмет», II дәрежелі «Барыс» ордендерімен, «Ерен еңбегi үшiн» медалімен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметін 2012 жылдың 21 қыркүйегінен бері атқарып келеді.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: kapital.kz.