АЛМАТЫ. 19 маусым. Мегаполис қаланың мерейін асыратын мәдени, демалыс орындарының қатары көбейіп келеді. Соның бірі – Жапон бағы Алматыдағы Тұңғыш Президенті саябағы пайда болды. Қала тұрғындарының көңіліне шуақ шашып, туристерге тамаша әсер сыйлайтын баққа жолы түскендер өзін нағыз Жапония елінде жүргендей сезіне алады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Алматының ең көрікті жеріне қоныс тепкен бақта бәрі де бар. Бұл жобаның авторлары бақ өз атауына сай болуы үшін барлық жағдайды жасаған.
Қаланың табиғи ресурстары басқармасының мәлімдеуінше, уақыт өте келе бақ мұнан да көркем бола түспек. Қазірдің өзінде мұндағы жапон халқының ауа-райы, жапон стиліндегі орындықтар мен шамдар, гүлзарлар мен көгалдар, тоғандар мен бұлақтар көз тартады. Мұнда жапон сәулет өнерінің үлгілері де тамаша шешім тапқан. Түнде саябақта шамдар жанып тұрады.
Сондай-ақ, мұнда Күншығыс еліне тән түрлі декоративтік ағаштарға қоса, жапон шиелері мен жапон үйеңкісі көшеттері отырғызылды.
Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш Предиент паркінде «Жеті қазына» атты қазақ ұлтын насихаттайтын арнайы бақ жасалған болатын. Қала әкімшілігі бұл жобамен тоқырап қалмайтынын, келесі жылы аталмыш саябақта «Еуропалық бақ» пайда болады деп отыр.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.