Әлем Кеше

Денвер әуежайында ұшақ өртенді

22 рет
көрсетілді

Колорадо штатының Денвер қаласындағы әуежайда American Airlines әуе компаниясының ұшағы қозғалтқышындағы ақауға байланысты өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Fox News телеарнасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жолаушылар ұшақ қанаты арқылы эвакуацияланған. Ұшақ Колорадо-Спрингс әуежайынан Даллас халықаралық әуежайына бағыт алған, бірақ мәжбүрлі түрде Денвер әуежайына қонған.

«Денвер халықаралық әуежайына (DEN) сәтті қонғаннан кейін, American Airlines компаниясының 1006-рейсінде қозғалтқыш ақауы пайда болды. Ұшақтағы 172 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі ұшақтан эвакуацияланды»,  делінген әуе компаниясының мәлімдемесінде.

Қазіргі таңда оқиғаның  мән-жайы анықталып жатыр.