• RUB:
    5.89
  • USD:
    505.15
  • EUR:
    550.31
Басты сайтқа өту
Алматы Кеше

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалардан кітаптар тегін жеткізіледі

44 рет
көрсетілді

Алматыда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалардан кітаптар тегін жеткізілетін болды. Наурызнама онкүндігі аясында іске асқан қайырымдылық қанатқақты жобасына 28 кітапхана қатысып жатыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Оқырмандар қала кітапханаларының сайтынан қалаған кітабын таңдап, қашықтықтан тапсырыс бере алады. Кітапханашылар бір-екі күн ішінде тапсырысты қарастырып, Яндекс Go сервисі арқылы кітапты тегін жеткізіп береді.

Алматы орталықтандырылған кітапханалар желісінің директоры Мейрам Бектембаев атап өткендей, жоба мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қалаған кітабына қолжетімділігін арттырады. Қанатқақты жоба биыл мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Егер кітапқа деген сұраныс артатын болса, басқа санаттағы азаматтарға да жеткізу жағы қарастырылады. Нәтижесінде кітапханалар қорының қала тұрғындарына қолжетімділігін арттыру жұмыстары жаз айларында да жалғасып тауып, бұл қызмет түрін ақылы іске асыру да көзделіп отыр. Цифрлы қызмет түрлерін дамыту мақсатында қолға алынған жоба оқырмандар қатарының артуына ықпал ететіні анық.

АЛМАТЫ