• RUB:
    6.05
  • USD:
    496.41
  • EUR:
    542.77
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:24

Әскери инженерлер Ойыл өзенінің өткелін қалпына келтіреді

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің бойындағы ауылдар арасына уақытша өткел салу үшін Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері батыс өңірге темір жол көлігімен аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Понтондық көпір паркінің элементтері теміржол платформасына тиелді, оның ішінде екі үлкен тонналық автомобиль-понтондық көпір сегменттері бар көлік (КрАЗ-255Б), суда жүзетін транспортер, КамАЗ және КрАЗ базасында екі сүйреткіш-моторлы қайық бар. Техниканы майор Наурыз Төлеуовтің басшылығымен 58012 әскери бөлімінің 11 әскери қызметшісінен құралған топ алып жүреді. Мамандар байланыс құралдарымен және қосымша заттармен жабдықталған.

Әскери инженерлер бұл жерге келгеннен кейін тұрғындарды, техниканы, материалдық құралдарды және жануарларды тасымалдау үшін өткел жасайды. Айта кетейік, өткен жылы әскери инженерлер 4 паром өткелін жабдықтаған (Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында). Оның көмегімен 362 рейс жасалды, 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 1 380-нен астам техника мен 423 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.