Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья С. Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Айыпталушы 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен азаматтарды алдап, 1 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражатын қолды қылған. Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен сотқа жолданды.