• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2015

«Конденсат» бәсекелестік қабілеті жоғары жанармай шығарады

268 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 10 ақпан. Ресей жанармай өнімдерін шығару жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы лекте келеді. Бұл тұрғыда қазақстандық «Конденсат» компаниялар тобы көрші мемлекет өндірісшілерімен бәсекелестікке әзір, деп хабарлады egemen.kz тілшісі. Мұндай түйін жасауға аталған отандық компанияда сапасы өте жоғары, экологиялық тұрғыда таза өнім қатарына кіретін Еуро-5 жанармаймын өндіруге арналған шағын кешен құрылысының аяқталып келе жатқаны себебші болып отыр. «Конденсат» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Валерий Жүнісовтің мәлімдеуіне қарағанда, әзірге елімізде еш баламасы жоқ айрықша жобаны екі кезең бойынша іске асыру көзделген. Соған сай бірінші кезеңде жылына 200 мың тонна бәсекелестікке қабілетті жоғары өнім өндірілмек. Ал екінші кезең аясында экологиялық тұрғыдан таза жағармай шығарылмақ. Оның құны 200 млн. АҚШ долларына тең. Бұл жоба өткен жылы индустрияландыру картасына енгізілген. Осындай тәсілмен «Қарашығанақ» кен орнында шикізатты терең түрде өңдеу өндірісі жолға қойылмақ. Сонымен бірге, оны таяу және алыс шетелдер нарығына шығару мәселелері де ойластырылған. Міне, осылайша октанды, этилсіз Ка 5 бензинін тұтынушыларға ұсына алатын отандық зауыт биылғы жыдың үшінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде. Ең бастысы Орал өңірінде шығарылатын мұнай өнімдері халықаралық сапа стандарттарына сай болмақ. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: kursiv.kz.