Футбол 24 Наурыз, 2025

Ұлттық құраманың ең жас ойыншысы

151 рет
көрсетілді

Дастан Сәтбаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасында жасыл алаңға шыққан ең жас ойыншы атанды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ол құрама сапындағы алғашқы ойынын Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Уэльске қарсы өткізді.

Дастан Сәтбаев ресми жарыста дебют жасаған күні 16 жас 7 ай 11 күн болған.

Осылайша шабуылшы ұлттық команда тарихындағы ең жас дебютант атанды.

Алайда осы сында ұлттық құрама 3:1 есебімен қарсыластарына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар