Спорт 24 Наурыз, 2025

Кирилл Герасименко Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

45 рет
көрсетілді

Астаналық теннисші Алматыда өткен үстел теннисінен ел чемпионатында үш алтын медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.

ТСМ Спортты дамыту дирекциясының дерегінше, К. Герасименко аралас жұпта Зәуреш Ақашевамен бірге жеңіске жетсе, ерлер жұбында Қадырәлі Қабдылуахитовпен бірге топ жарды.

Жекелей сында Алан Құрманғалиевті финалда ұтып, чемпион атанды.

Үш бағдарламада да үздік атанған Кирилл Герасименко 2025 жылғы ел чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанып отыр.

Соңғы жаңалықтар