Оқиға 31 Наурыз, 2025

Алматыдан 178 км жерде жер сілкінді

66 рет
көрсетілді

2025 жылдың 31 наурызында сағат 12:25-те Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалары Қырғызстан аумағында жер сілкінісін тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 178 шақырым жерде орналасқан. Қырғызстандық сейсмологтардың мәліметінше, эпицентрдегі жер сілкінісінің күші 4 баллға жеткен. 

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурызға қараған түні Жамбыл облысын 5 баллдық жер сілкінісі болған еді.