Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алатау ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай көшесімен келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтпек болған жеті жасар қызды қағып кеткен. Қыз бала алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, барлық қажетті сараптамалар жүргізілетінін хабарлады.
«Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық сараптамалық зерттеулер жүргізіледі», деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.