Әлем 03 Сәуір, 2025

АҚШ Ресей мен Беларуське неліктен баж салығын енгізбеді

72 рет
көрсетілді

АҚШ Ресей мен Беларусьтен импортталатын тауарларға жаңа баж салығын енгізген жоқ, өйткені бұл елдерден АҚШ-қа өнім жеткізілмейді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр басқа мемлекеттерді АҚШ-тың тарифтік саясатына жауап ретінде қарсы шаралар қабылдаудан бас тартуға шақырды. Оның айтуынша, мұндай қадамдар сауда қатынастарындағы шиеленісті одан әрі ушықтыруы мүмкін.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт те Ресей, Беларусь, Куба және Солтүстік Кореяның жаңа тарифтер тізіміне кірмегенін растады.

«Бұл елдер қазірдің өзінде өте жоғары баж салығына тап болып отыр. Бұған қоса, бұрын енгізілген санкциялар олардың АҚШ-пен мағыналы сауда жасауына кедергі келтіріп отыр», деді Ливитт.

Сонымен қатар, ол Ресейге қосымша санкциялар енгізілуі мүмкін екенін де жоққа шығармады.Естеріңізге сала кетейік, 2 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елден импортталатын тауарларға баж салығын енгізгенін жариялады. Ресей мен Беларусь бұл тізімде жоқ, себебі АҚШ бұл елдерден өнім импорттамайды.