Заң 03 Сәуір, 2025

ҚФФ қаржысын жымқыру ісінде Ә.Барменқұлов күдікті ретінде танылмаған

98 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін Сенат отырысынан кейін  Қажылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов журналистер сауалына жауап беріп, мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Бұған дейін Бас прокуратура еліміздің футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтарды анықтаған еді. 

2022 жылдан бастап 2024 жылдың қарашасына дейін футбол федерациясын басқарған Әділет Барменқұлов бұл істе күдікті деп танылмаған. 

«Бізде жымқыру дерегі бойынша Қазақстан футбол федерациясына қатысты қылмыстық іс бар. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің басқа деректерін айта алмаймын. Мен тек прокуратурамен келісілген сотқа дейінгі тергеу деректерін ғана жариялай аламын. Барменқұловты күдікті ретінде қарастырмадық», деді Ж. Елемесов