Спорт 03 Сәуір, 2025

Күрестен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

80 рет
көрсетілді

Бүгін Қарағанды қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Алғашқы жүлделер грек-рим күресінің балуандары арасында сарапқа салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал 5 сәуір күні  әйелдер арасындағы жарыстар басталады,  6 сәуірде еркін күрес балуандары медаль үшін күреседі. Әр жарыс күнінің финалдық бөлімдері сағат 18:00-де өтеді.

Жастар чемпионаты аяқталған соң, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді.