«Таза Қазақстан» 04 Сәуір, 2025

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

42 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында әйгілі Күшікбай бұлағында «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты экоакция ұйымдастырылды. Іс-шараға 50-ден астам адам – еріктілер, студенттер, қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар қатысып, бұлақ маңын тазарту жұмыстарын жүргізді.

Ұйымдастырушылардың ай­туын­ша, мұндай іс-шаралар­дың басты мақсаты – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтіп, қоғамды табиғатты аялауға шақыру.

«Таза Қазақстан» – жай ғана экологиялық акция емес, еліміздің әрбір азаматын қоршаған ортаны сақтауға, қорғауға шақыратын баталы бастама. Өкінішке қарай, соңғы кезеңде табиғи су көздерінің ластануы үлкен экологиялық проблемаға айналып отыр. Акция аясында табиғатты қор­ғау, экожүйені қалпына келтіру бағытында нақты жұмыстарды қолға алдық. Бүгінгі іс-ша­раның мән-маңызы – әр адам­ның бойын­да экологиялық түсінік қалып­тастыру, осы жауапкер­шілікті әрбір азаматтың санасына сіңіру. Табиғатты тек пайдаланып қана қоймай, оған қамқорлық жасауды да үйренуіміз керек», деді іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі, қоғам белсендісі Ерсінбек Өрлеубек.

Мұндай экологиялық акциялар, тазалық жұмыстары, сенбіліктердің экологиялық мәде­ниетті, табиғатқа деген қамқор көзқарасты қалыптастыруға елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

 

Абай облысы