«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
«5 сәуірде республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығысында, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда – жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын күтіледі. Қатты жаңбыр 6-7 сәуірде елдің батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында болады», деп болжады мамандар.
ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, 5 сәуірде түнгі уақытта солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады.