Спорт 04 Сәуір, 2025

Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық жарыс өтті

92 рет
көрсетілді

Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан «Көркем гимнастика спорт кешенінде» көркем гимнастикадан Шымкент қаласының ашық чемпионаты 3 күн бойына жалғасты. 1-4 сәуір аралығында өткен бұл жарыста спортшылар Қазақстанның бірнеше облысынан келді, тіпті көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де көркем гимнасшылар келіп қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Үш күнге жалғасқан көркем гимнастика бәсекесінде 400-ден аса спортшы 3 жас ерекшелік бойынша жекелей және топтық жаттығу бойынша жарысты. Спорттық доданың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шымкент қаласы көркем гимнастика федерациясының Президенті Муслим Шаназаров қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

«Бұл сайыста кіл мықты қыздарымыз бақ сынайды. Жастар біріншілігінің жүлдегерлері де топқатүспек. «Көркем гимнастика спорт кешенінде» жаттығатын спортшылар Шымкент қаласыныңабыройын асқақтатады деген сенімдеміз. Көркем гимнастика ерекше спорт. Ол сымбаттылық пен сұлулықты көрсетіп қана қоймай, төзімділік пен шыдамдылыққа да адамды тәрбиелейді» деді федерация басшысы.

Жарыстың негізгі кезеңі басталғанда көрініс алаңына көркем спорттың сайдың тасындай іріктелген сұлулары жекелей де, топпен де шығып, бірінен бірі асып түсіп жатты. Әр қимылын еппен иіліп, түрлі жаттығу комбинацияларын керілесозылып жасаған жасөспірімдерге жәй қарап тұрудың өзі көз сүйсінерлік керемет көрініс. Бір сызықтың бойында тұрғандай, аяқ-қолы бүгілмей, артық-кем жүрмей, қолындағы құралын құлатып алмаса деген жанкүйерлер де демін іштеріне тартып отырды. Сонымен төрт күнге созылғанкөркем спорт додасы үйлесімді дене тәрбиесін тағы бір айшықтаған керемет бәсеке болды.