Жұмысшы мамандықтар жылы 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

139 рет
көрсетілді

Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7 145 жұмысшының құқығын қорғапты. Арнайы тексеру нәтижесінде заңсыздыққа жол берген 6 жұмыс беруші әкімшілік, тағы алтауы тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Осы уақыт аралығында қадағалау актілері арқылы 601,3 млн теңге жалақы өндірілген. Солардың қатарында «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2 360 жасқа 264 млн теңге жалақы қарызы төленді.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген прокуратура облыста 8 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларымен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы шарт жасамағанын анықтаған. Олардың арасында ірі агрокомпаниялар да бар.

Тексерістен кейін 55 жұмыс беруші 500-ден астам жұмысшысын жазатайым оқиғадан сақтандырды.