• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 05 Сәуір, 2025

Махмұд Сабырхан қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

441 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада ел тарихында алғаш рет IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өз белбеуін Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингеге (14-0, 9 КО) қарсы қорғайды. Тарихи кеште Жәнібектен бөлек, 7 отандасымыз шаршы алаңда бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Соның бірі Махмұд Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шықты.

Оның қарсыласы вьетнамдық - Данг Дак Хайнх. Отандасымыз алғашқы раундта техникалық нокаут тіркеді.  Екінші раунд та Махмұдтың айқын басымдығымен өрбіп, қарсыласын екі рет нокаутқа жіберді. Осыдан кейін төреші шешімімен жекпе-жек тоқтатылды.

Осылайша, Махмұд та кәсіпқой бокстағы дебютін жеңіспен түйіндеді.

Жерлесіміз бірінші бекітілген қарсыласы колумбиялық былғары қолғап шебері жекпе-жекке таяу қалғанда бас тартқанын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін 19 жастағы Төрехан Сабырхан кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңісті өз еншісіне жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар