Алматы 07 Сәуір, 2025

Алматыда 10 сәуірден бастап жылыту маусымы тоқтатылады

67 рет
көрсетілді

Алматыда жылыту маусымы аяқталуға жақын, деп жазады Egemen.kz.

Жылуды өшіру кезең-кезеңмен өтіп, әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, мәдениет нысандары, кейінірек тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерде  өшіріле бастайды. Аталған іс – 10 сәуірден бастап жүреді.

Жылыту маусымы ақаусыз өтіп, 404 білім беру мекемесі мен 128 медициналық мекеме қамтылған екен.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, биыл 39 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған, бұл олардың тозуын 56,1%-дан 54,9%-ға дейін төмендетуге көмектеседі.

2024 жылы қалада 20 км жылу желісі жаңартылып, 85 қазандық жөнделіп, бұл – жылыту маусымын апаттық жағдайсыз аяқтауға мүмкіндік берген.