Спорт 07 Сәуір, 2025

Отандастарымыз жұптық гимнастикадан үшінші орын алды

101 рет
көрсетілді

Италияның Риччоне қаласында батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синхронды секіруде Ұлттық құрама спортшылары – Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков жұп сайыста 51.090 ұпай жинап, 3-орын алды. Бұл Е.Тасмағамбетовтің әлем кубогіндегі алғашқы медалі. Алтынды немістер алса,  күміс француз спортшыларына бұйырды.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше жекелей сындағы отандастарымыздың нәтижелері (барлығы 64 спортшы):

Данил Мусабаев 5-орын.

Ерлан Тасмағамбетов 27-орын.

Роман Барков 32-орын.