Ғалам ғажаптары 08 Сәуір, 2025

«Ақылды айна»

51 рет
көрсетілді

Лондонда өткен технологиялар көрмесінде «ақылды айналар» ­таныстырылды.

Жаңа өнертабыс айна бетіне орна­тылған интерактивті дисплей арқылы жұмыс істейді. Онда танымал спортшы бейнесінде виртуалды жаттықтырушы пайда болып, жаттығу тапсырмаларын айтып отырады. Жасанды интеллект адамның қозғалысын бақылап, алынған деректерді саралайды. Өнертапқыштардың айтуын­ша, бұл құрылғы спортзалға баруға ке­тетін шығынды азайтып, үй жағдайында тиімді жаттығуға өте ыңғайлы. Сондай-ақ үлкен жабдықтарға қарағанда үйде көп орын алмайды.