Ғалам ғажаптары 09 Сәуір, 2025

Өлшемдері өзгеше

52 рет
көрсетілді

Осы күні дүние жүзінің басым бөлігі метрлік өлшемдерді (метр, килограмм, литр) қолданады. Бұл – халықаралық стандартқа айналған жүйе. Дегенмен, бір таңғаларлығы, әлемде әлі күнге дейін осы тәртіпке толық өтпеген үш мемлекет бар. Олар – Мьянма, Либерия және Америка Құрама Штаттары.

АҚШ-та метрлік жүйе заң жүзінде ұсынылғанымен, оны қолдану міндетті емес. Күнделікті өмірде олар өздерінің дәстүрлі өлшемдерін, яғни дюйм, фунт, миль сияқты бірліктерді пайдаланады. Тек ғылым мен техникада ғана метрлік стандарттар кеңінен қолданылады. Мьянма мен Либерия да тарихи себептерге байланысты дәстүрлі өлшем жүйелерінен бас тартпаған. Бірақ бұл мемлекеттерде кейінгі жылдары метрлік жүйеге көшуге деген талпыныс байқалып жатыр.