• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2025

Атбасарда Mercedes жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті

Кеше Атбасарда Mercedes көлігінің жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған төрт жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 1-шағын ауданда болған, зардап шеккендердің екеуі – кәмелетке толмаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар