Зардап шеккен бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, бірінші дәрежелі комаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда екі жасар ер бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Жазатайым оқиға әжесінің үйінде болғаны анықталды.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады.
- Бүгін 2 жасар бала әжесінің үйінде қонақта болған уақытында 5-қабаттан құлап кеткен. Зардап шеккен жеткіншек көптеген жарақатпен, ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл жыл басынан балалардың биіктен құлауы бойынша тіркелген облыстағы алғашқы оқиға, - деп хабарлады балалар омбудсмені.
Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі қабылдау кезінде ер баланың жағдайы ауыр, бірінші дәрежелі комаға түскенін хабарлады.
«Балада түрлі жарақат бар: жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, ми жарақаты. Сондай-ақ, өкпе контузиясы, іш құрылысының жарақаты тіркелді. Қазіргі уақытта ми, мойын, кеуде қуысы, іш қуысы жамбасын қамти отырып компьютерлік томография жасалды. Баланы тексеру әлі де жалғасуда», - деп мәлімдеді балалар ауруханасынан.
Павлодар облысы