Экология 15 Сәуір, 2025

Биыл ел аумағында 25 орман өрті тіркелген

0 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев  мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің мәліметінше, талдау көрсеткендей, олардың шығуына өрттің даладан келуі және найзағайдан тұтануы негізгі себеп болса, ал таралуына қашықтық, жетудің қиындығы және жол қатынасының болмауы себеп.

«Облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік әзірлікке келтіру жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауы қажет. Қазгидрометтің болжамы бойынша, биылғы жаз өте ыстық болады. Облыс әкімдіктері ормандарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет», деді Ерлан Нысанбаев.